Мәжілісте «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасын іске асыру үшін қорды екіге бөлу ұсынылды
Ұлттық қор балаларға бағдарламасын іске асыру үшін қорды екіге бөлу керек. Бүгін Мәжілісте осындай ұсыныс айтылды. Депутат Жамаловтың айтуынша бұл балаларға делінген қаржының тұрақты түсіп тұруы үшін қажет. Өйткені бюджет тапшылығын жою немесе өзге де ауқымды бағдарламаларды іске асыру үшін Үкімет Ұлттық қордан үнемі ақша алып отырады. Сәйкесінше бұл инвестициялық кірісті азайтып жібереді. Бұған жол бермеу үшін қорды «резервтік» және «балаларға» деп екіге бөлу қажет дейді. Резервтік қордан бюджетке трансферт жасалып отырса, «балалардыкіне» тек инвестициялық кіріс кіріп отырады. Ал қазір қорда 54 миллиард долларға жуық қаржы бар.
Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кез келген инвестициялық табыс тұрақты емес. Мысалы, әйгілі Норвегиялық мемлекеттік қор да шығынға ұшырады. 2001 жылдан бастап біздің ұлттық қорымыздың орташа кірісі жылына 3,7%. Бірақ біздің Ұлттық қордың 5 жыл шығынға ұшырағанын ұмытпауымыз керек. Осыны ескере отырып, балаларға берілетін активтерді тиімді әрі жауапкершілікпен басқаруды арттыру қажет.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасын, Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін және Саяси кеңестің жаңа құрамын бекітті
06.07.2026, 14:22
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31