Эфиопияда бір күнде 350 миллион көшет отырғызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эфиопияда бір күнде 350 миллион көшет отырғызылды

01.08.2019

Бұл – ормандарды қалпына келтіріп, жердің шөлейттенуіне қарсы жасалған шара. Ел премьер-министрі Абий Ахмед бастаған науқанға миллионнан астам адам қатысқан. Үкімет басшысы жасыл желек егуден Эфиопия әлемдік рекорд орнатты деп отыр. Осыған дейін Үндістан 2017 жылы 12 сағат ішінде 66 миллион тал отырғызып, рекорд жаңартқанды.

Дегенмен, Африкалық мемлекет бұл көрсеткішпен шектелмек емес. Жергілікті климат жанашырлары мамыр мен қазан аралығындағы жаңбырлы маусымда 4 миллиардқа дейін көшет егуді жоспарлап отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу