Атырауда «Көшпенділер» атты мүсіндер көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Көшпенділер» атты мүсіндер көрмесі ашылды

31.08.2014
Атырауда «Көшпенділер» атты мүсіндер көрмесі ашылды

Атырауда белгілі қазақстандық суретші, «Болашақ» президенттік сыйлығының лауреаты  Марат Ғабдрахмановтың күмістен жасалған мүсіндерінің көрмесі ашылды.  

Көрмеге 70-тен астам туынды қойылды.

«Туындылар Батыс Қазақстанда тұрған көшпенді халықтың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, өнерін қамтыды.  Бұл - республикадағы күмістен жасалған мүсіндердің алғашқы көрмесі. Осыған дейін туындылар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайында, Ресей және АҚШ галереяларында қойылған. 

Қазақстандықтар бірінші болып күмістен жасалған мүсіндердің ауқымды көрмесін тамашалайтын болды», - деді көрменің ашылу салтанатында Марат Ғабдырахманов.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу