Өскеменде суретші Қалибек Айнажаровтың жеке көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде суретші Қалибек Айнажаровтың жеке көрмесі ашылды

04.04.2019

«Қыр баласының әсем әлемі». Өскемендегі өнер музейінде осындай атаумен ағаш өңдеу шебері Қалибек Айнажаровтың жеке көрмесі ашылды. Оған жас кезінде қате диагноз қойылып, операция жасатқаннан кейін 1-топтағы мүгедек болып қалады. Бірақ өмірден баз кешпеген ол әуелі фотограф, кейін ағаштан мүсін оятын суретші мамандығын меңгерген. 2009 жылы Қалибек Айнажаров Мәскеудегі көрмеде «Дарын және қабілет» медаліне ие болды. Осылайша ол әйгілі суретшілерге берілетін мұндай марапатты алған тұңғыш қазақ атанды.

Сол кезде жергілікті билік оған үй беруді, шеберхана ашып беруді уәде еткен екен. Бүгінде сол уәденің ешқайсысы орындалмаған. Өскемендегі көрмеге шебердің ағаштан ойып жасаған 30-дан астам картинасы қойылды. Ерекше талант иесі өз туындыларына аңыз-ертегілерді, әлемдік мәдениетті, тарихи сәттерді арқау етеді.

Қалибек Айнажаров, суретші:

- Халық не көреді, соны мен де көремін. Соны өз ойыммен, өзімнің көзқарасыммен шығарамын. 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу