Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға 300-ден аса ерікті көмектесуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға 300-ден аса ерікті көмектесуде

07.09.2022

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатындағы еріктілер гуманитарлық жүкті қоймаға жеткізіп, азық-түлік таратуға атсалысып жатыр. Сондай-ақ өрт орнын тазарту жұмыстарына да белсене қатысады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, амнаттықтар үш күн ішінде зардап шеккендерге 1.214 тонна гуманитарлық көмек жинады. Партия филиалдары жанындағы гуманитарлық көмек жинау пункттері еліміздің барлық 20 өңірінде жұмыс істейді.

Райымбек Бақытжанов, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының волонтері:

Бүкіл ел тарапынан жүк келіп жатыр. Солардың барлығын қарсы алып, бөліп, адамдарға апарып, жеткізіп, осындай жұмыс атқарып жатырмыз. Біз үйренгенбіз мұндай нәрсеге. Осындай апат жағдайларында бірікпесек, қай уақытта бірігеміз?!


Хабарламаларға жазылу