Қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзімді енгізуге байланысты тұрғындар пікір білдіріп жатыр. Ешкімге президент билігін ұзақ жылдар бойы иемденуге рұқсат жоқ. Тұрғындардың сөзінше, бұл еліміздегі демократиялық өзгерістерді жеделдете түспек.
БЛИЦ:
Жеті жарғымыз, жеті қазынамыз, жеті атамыз бар. Сондықтан жеті жылдық мерзім бұл өте дұрыс. Өйткені ұзақ мерзімді бағдарламаларды шегіне дейін жеткізу үшін осындай қабылдаулар дұрыс па деп есептеймін. Өйткені мейірімді адамның антына емес, жасаған әрекетіне қарап іс қыл, дейді ғой. Сондықтан Президентіміздің бұл бекітіп отырған саясатын, бағыт-бағдарын өте дұрыс қабылдадым.
Жеті жылда мемлекеттің кепілі тұрақтылық болса, бұл тұрақтылықтың тиімді тетіктерін жүзеге асырып, реформалар қабылдап, экономикалық байланыстарды арттырып, қазіргі таңдағы теңгеміздің құлдырап кетуінің алдын алып, инвесторлар тартып, әлемдік имиджімізді арттыру мақсатында жеті жылдың ішінде көптеген жұмыстар атқарылады деп сенемін. Және осы Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау білдіремін. Және Жаңа Қазақстанды жаңа күшпен, жаңа бастамалармен құра берейік.
Маған ұнағаны, студенттерге жатақхана береміз деп жатыр, баламыз оқуда еді. Сонысына рақмет. Зейнет жасын 61 жас қылып қойды, айтқанының бәрі ұнады, өте жақсы, керемет!