Президенттің 7 жылдық мерзімге сайлануы: Халық пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің 7 жылдық мерзімге сайлануы: Халық пікірі

07.09.2022

Қоғамда президентті 7 жылға бір мерзіммен ғана сайлау туралы бастама қызу талқылану үстінде. Қазақстандықтар Мемлекет басшысының бір мерзімге ғана сайланып, бастаған реформаларын аяғына дейін жеткізгенін қалайды. Бұл өз кезегінде елге келетін инвесторлардың тұрақты жұмыс істеуіне жол ашады, дейді тұрғындар.

БЛИЦ:

Президент мерзімінің жеті жыл болғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, билік ауысқан сайын жаңа өзгерістер пайда болады деп түсінудемін.

Мына аласапран кезінде ескі, бұрыннан келе жатқан жүйеден құтылып, Жаңа Қазақстан жасау үшін шын мәнінде де жаңа бастамалар керек. Маған ұнап отырғаны бір-ақ кезеңге Президенттің сайлануы дегені 7 жыл дегенді қолдаймын. Неге десеңіз, әр жеті жылда әрбір бастаған бастаманы тыңғылықты аяқтауға болады.

Жаңа Қазақстан деп жатыр. Осы күзде президенттік сайлау болады деп айтты. Осы сайлауда жеңіп шығып, өзінің реформасын жасау керек деп ойлаймын.

Президенттің 7 жылдық мерзімге сайлануын өз басым қолдаймын. Біріншіден аз уақыт емес. Осы 7 жылдың ішінде көптеген жұмыстар атқаруға болады. Шет мемлекеттермен тығыз көптеген сұрақтарды шешуге болады.

Жеті жыл ішінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға өте қолайлы мерзім деп ойлаймын. Алдымен президент сайлауын өткізіп алсақ, содан кейін Мемлекет басшысының маңайына барлығымыз бір адамдай жиналып, мақсат-межелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу