Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі 14-15 қыркүйекте өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі 14-15 қыркүйекте өтеді

06.09.2022

Халықаралық қоғамдастық бүгінде ұлысаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін мойындап отыр. Бұған елімізде осыған дейін алты рет өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі дәлел бола алады. Күзде өтетін кезекті басқосу тағы да ауқымды әрі маңызды болайын деп тұр.

Қазақстаннан бастау алатын съезд әлемдік деңгейдегі форум екені сөзсіз. Ауқымдылығының арқасында дінаралық және конфессияаралық диалог үшін бірегей алаңға айналды. Дін жетекшілері қоғамды мазалаған өткір мәселелерге қатысты ұтымды ұсыныстарын ортаға салады. Ой-пікірлерімен бөлседі. Ақылдаса келе бейбітшілік пен ынтымақ жолында аянбай үлес қосып келеді.

Кеңшілік Тышқанұлы, дінтанушы:

Шәкәрім Құдайбердіұлының біз сөзі бар. Әлем діндерінің түп мақсаты айнымай үш нәрседе құшақтасар дейді. Барлық діндердің мақсаты – адам баласын бір бауыр қылу. Бауыр қылуға талпыныс жасау керек. Әлемде саяси салмағы бар тұлғалар келгендіктен өз мемлекеттерінде өзіндік сөзі бар, пікір бар азаматтар, сондықтан осы тұрғыдан алғанда бұл маңызды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі 2003 жылы қыркүйекте астанада өтті. Форумға ислам, христандық, иудаизм, синтоизм, индуизм, буддизм діндерінің ең беделді өкілдері қатысты. Адамзат тарихында алғаш рет ірі діни қауымдастықтардың өкілдері бір залда бас қосты. Бейбітшілік пен келісімді, әділеттік пен жасампаздықты ту етті. Осылайша, форум үш жылда бір рет ынтымақтың ұясына айналаған қазақ жерінде өтіп келеді. Әр басқосуға 50-ге жуық мемлекеттен 80-нен астам делегат қатысады.

Қазбек Майгелдинов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы, саясаттанушы:

Дін өкілдерінің бейбітшілікке, татулыққа шақыру үндеулері өте маңызды. Сондықтан мен ойлаймын аталмыш съездің жалпы рухани азықтың азаюына байланысты, пандемия әсерінің дін өкілдерінің қосатын үлесі көп болу керек. Экстремизм, діни экстремизм, діни қақтығыстарға байланысты бір үндеу ретінде әрі қарай өзінің жалғасын таба бермек.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі пандемияға байланысты былтыр өтпей қалды. Кезекті басқосу биыл 14-15 қыркүйекте елордада өтеді. Форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі кеңінен талқыланады.

Дарын Сағитов, тілші:

Дін - әлемдік геосаясаттың бір бөлігі. Артта қалған алты съездің әрбірінде түрлі бастамалар айтылды. Атқарылған іс аз емес. Дәл қазіргі геосаси ахуалдың күрделі кезеңінде мұндай жиынның орны да, рөлі де бөлек. Сарыарқа төсінде бас қосатын дін өкілдері тағы да әлемді алаңдатқан проблемаларды ашық айтып, шешімдерін іздейтін болады. Демек, жетінші съездің де жүгі жеңіл болмайты анық.

 Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу