Техникалық мамандықтар атласы жасалады
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі шарт. Бұл білікті мамандардың тапшылығын азайтуға септігін тигізеді. Президент Жолдауда жоғарғы ғылым министрлігі мен университет ректорларына бірқатар міндеттер жүктеп, маман даяралудағы басты басымдықтардың жолын айқындап берді. Бұл үрдіс Өскемендегі Дәулет Серікбаев атындағы техникалық университетте бұрыннан бар. Сегіз бағыт бойынша 50-ге жуық мамандыққа оқытатын оқу орнында бүгінде 3 мыға жуық студент білім алып жатыр. Жыл сайын бір жарым мың түлек бітірсе, 96 пайызы жұмысқа орналасады.
Сәуле Жәдігерқызы, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:
Жаңа министрлік қазір өңірлердің мамандықтар атласын құруға жоспар қойып жатыр. Біз сол бағытта бірігіп, жұмыс жасаймыз. Және біздің базамызда сол атлас жасадады деп ойлаймыз. Бірақ біз осы бір орында қалмай әрі қарай осы жұмысымызды дамытамыз. Өзіміздің «Мансап» деген орталығымыз бар. Сол ортақытың жұмысын ары қарай дамытып, қазір кәсіпорындармен келесі аптада сол жұмысты бастаймыз.
Мейрам Бегентаев, Сәтбаев университетінің ректоры:
Еліміздегі ең іргелі техникалық жоғары оқу орны ретінде өндіріске инновациялық шешімдерді енгізе алатын білікті мамандар дайындауды жолға қойдық. Президент Жолдауда 100 мың жасты жұмыспен қамтуды тапсырды. Бұл университтеттер үшін де жетістікке жетелейтін меже. Қоғам үшін білікті, сұранысқа ие мамандар дайындаудың маңызы зор деп білемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық бұлақтың көзін ашты
25.08.2026, 13:25
Қазақстандық медиамамандар тағылымдамадан өтті
25.08.2026, 13:22
Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр
25.08.2026, 13:20
Бизнеске арналған AI-навигаторды іске қосты
25.08.2026, 13:17
Австралияда ЖИ-мен шығарылған әндерге тыйым салынды
25.08.2026, 13:15
Тунистегі шеру тәртіпсіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Электросамокатпен жаяужолмен жүруге тыйым салды
25.08.2026, 13:09
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06