Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

05.09.2022

Алаш арысының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, түйіні өзі туған Қостанай өлкесінде қойылуы керек болған еді. Бірақ дәл той қарсаңында тұтанған алапат өрттің бірнеше күнге созылып кетуіне байланысты шаралар кейінге шегерілді. Тарихи тұлғасы мен арқалаған жүгі, көрген азабы ешбір ханның, ешбір батырдың, ешбір бидің, ешбір ғұламаның тұлғасымен салыстыруға келмейтін екі алыптың бірі Әлихан Бөкейхан болса, екіншісі - Ахмет Байтұрсынұлы. Ғалым өзі жазған өмірбаянында 14 кітабы басылғанын айтады. Қазіргі ахметтанушылардың пайымынша, 20 кітабы баспадан жарық көріп, 3 қолжазбасын баспаға ұсынғанымен шығаруға мүмкіндік болмаған. Бүгін Ұлт ұстазының мерейтойына орай ел аймақтарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Хабарламаларға жазылу