Тропикалық ормандар қорғауға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тропикалық ормандар қорғауға алынады

24.09.2019

Тропикалық ормандарды қорғау үшін халықаралық донорлар 500 миллион доллар қаржы бөлуге келісті. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль МакрОн АҚШ-та өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттық саммитінде хабарлады.

Қомақты қаржының ауқымды бөлігі Бразилияның Амазонкасын қалпына келтіруге жұмсалмақ. Айта кетсек, биыл тамызда мұнда 48 724 өрт ошағы тіркеліп, 4,3 миллион гектар алқап жанып кетті. Әлем назарын өзіне аудартқан бұл оқиға халықаралық қауымдастықты айтарлықтай алаңдатып отыр. Себебі, Жер шарының «өкпесі» саналатын ну орман атмосфераға тарайтын көмірқышқыл газының көп мөлшерін өзіне сіңіріп алып, климаттың шамадан тыс жылынуын шектеуге көмектесіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу