Қостанайдағы төтенше жағдай кезінде баспанасынан айырылған халыққа жаңа үйлер салынады. Бұл туралы ірі табиғи өрттің зардаптарын жою мәселелері бойынша өткен жедел кеңесте Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Өрт кезінде 108 ғимаратқа зақым келген. Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктері мен Қостанай облысының әкіміне халық пен ауылшаруашылық алқаптарына келтірілген шығынды анықтауды тапсырды.
Сондай-ақ Қаржы және Ұлттық экономика министрлігі өрт салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын дайындау тапсырылды. Өзге де министрліктерге салалары бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді. Баспана салу және шығынды есептеу жұмыстары тікелей Мемлекет басшысының жеке бақылауында болады, деді.
Асылбек Данияр