«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені 10 жылдығын атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені 10 жылдығын атап өтуде

02.09.2022

Мерейтой қарсаңында медиа кеңістікте талай жыл тер төккен қызметкерлер төсбелгілермен марапатталды.

Әлемдегі ең озық телеорталықтар қатарына кіретін кешенде бірнеше отандық телеарна мен радиолар жұмыс істейді. Мұнда жоғары технологиялық телевизиялық бағдарламалар өндіруге барлық жағдай жасалған. Алып кешенде 3 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Орталықтағы алғашқы эфир 2012 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан болатын.

Серік Есқалиев, телеоператор:

Алғаш каналдар келмеген кездері болатын. Содан бірте-бірте жиналып, қазір үлкен ұжымға айналдық. Аяқ астынан осындай құттықтау рәсіміне шақырып, іс-шара өткізіп жатқанын әріптестеріме рақметімді айтамын.


Хабарламаларға жазылу