«Қазақстан» РТРК» АҚ Батыс-Қазақстандық филиалы 50 жылдығын атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Батыс-Қазақстандық филиалы 50 жылдығын атап өтуде

28.11.2014
«Қазақстан» РТРК» АҚ Батыс-Қазақстандық филиалы 50 жылдығын атап өтуде

Бүгінде «Қазақстан» РТРК» АҚ орталықтандырылған мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізуге мүмкіндік беретін, аймақтарда филиалдардың тармақты жүйесі бар ең ірі электрондық медиялық құрылым. Аймақтарда 14 филиал қызмет етеді. Олардың он үші – облыстық филиалдар, біреуі қалалық (Семей қ.).

28 қараша күні  Орал қаласында «Қазақстан» РТРК Батыс Қазақстан облыстық филиалының 50 жылдығына арналған бірқатар іс-шара өткізіледі. Нақты айтқанда, «Ақжайықтың айнасы» кітабының, облыстық филиал мұражайының,  Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жаяу әскер» қысқаметражды фильмнің тұсаукесерін, фото және кітап көрмелерін өткізу жоспарланып отыр.  Мерейтойлық іс-шаралар үлкен мерекелік концертпен аяқталады.

Хабарламаларға жазылу