МАГАТЭ инспекторлары Ресей басып алған АЭС-ке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МАГАТЭ инспекторлары Ресей басып алған АЭС-ке барды

02.09.2022

Бұл сапардың мақсаты – станциядағы және оның айналасындағы жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін, радиацияның тарау мүмкіндігі мен қарулы қақтығыстан келген зиянды анықтап, ядролық апатқа жол бермеу.

Осы агенттіктің басшысы Рафаэль Гроссидің мәлімдеуінше, станцияның физикалық тұтастығы бірнеше рет бұзылған. Сонымен қатар МАГАТЭ жетекшісі АЭС-те өзімен бірге кірген делегацияның бес мүшесі ертеңге дейін сонда қалатынын атап өтті.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, атомдық станция төңірегінде әскери жанжал жалғасып жатыр. Ресми Киевтің сөзінше, Ресей армиясы АЭС-ті Украина қалаларын атқылайтын позицияға айналдырып алған. Мұны жоққа шығарған Мәскеудің хабарлауынша, ядролық нысанда радиация деңгейі қалыпты мөлшерден асқан жоқ.

Хабарламаларға жазылу