Ресей әскері Еуропадағы ең ірі АЭС-ті басып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскері Еуропадағы ең ірі АЭС-ті басып алды

04.03.2022

Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласындағы атом электр станциясын басып алды. Мұны жергілікті үкімет өкілдері осыдан бірер сағат бұрын хабарлады.

Айта кетсек, бұл – Еуропадағы ең ірі АЭС. Авиациялық шабуылдан оның бір бөлігі өртеніп кетті. От бүгін сөндірілді. Дегенмен, соққыдан, бекеттің энергетикалық блоктары зақымданған жоқ және аймақта радиация деңгейі өзгермеген. Болжамдарға қарағанда, бекет жарылғанда, «қуаты Чернобыльден 10 есе асып кетер еді» деген болжам бар.

Джонсон Запорожьедегі АЭС-тің өртенуіне байланысты БҰҰ-да төтенше отырыс өткізуге күш салмақ

Британ премьер-министрі Борис Джонсон атомдық бекеттегі жарылысқа байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде төтенше отырыс өткізуге күш салатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, мұндай оқиғалар бүкіл Еуропаға қауіп төндіре алады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу