Жаңа оқу жылы қарсаңында 80-ге жуық жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылы қарсаңында 80-ге жуық жаңа мектеп ашылды

01.09.2022

Биыл еліміз бойынша 400 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Ал, жаңа оқу жылы қарсаңында 80-ге жуық жаңа мектеп ашылды.

Жыл соңына дейін 230-дан аса білім ошағы пайдалануға берілмек. Жаңа мектептердің басым көпшілігі демографиялық өсімі белсенді және үш аусымда білім алатын аймақтарда салынып жатыр. Мәселен, әрбір бесінші бала дүниеге келетін Түркістан облысында 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жарты миллионнан астам оқушысы бар өңірдегі білім ұяларының саны мыңға жуықтады. Шалғай орналасқан Келес ауданы, Ынтымақ елдімекенінде мемлекет қолдауының арқасында 300 орындық білім ұясы бой көтерді. Заман талабына сай жабдықталған мектеп үш қабаттан тұрады. Бүгін ауыл мектебінде алғашқы қоңырау соғылып, білім күніне арналған сабақтар өтті.

ДІнислам Болатханұлы, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы:

Біздің облысымызда 961 мектеп. Биыл тағы да он мектепке артып отырмыз. Құдайға шүкір, балалар да, балалардың саны да Қазақстанда ең көп баласы бар өңір осы Түркістан облысы болып табылады. Сондықтан да бізге білім саласына бөлінетін жағдай да, қаражат та, көңіл де ерекше екенін біліңіздер.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу