Жастарды синтетикалық есірткіден қорғау керек – Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарды синтетикалық есірткіден қорғау керек – Президент

01.09.2022

Елімізде синтетикалық есірткі тұтынатындар көбейген. Бұл аса қауіпті әлеуметтік кесел. Өз Жолдауында осыған тоқталған Президент жастарды синтетикалық есірткіден қорғау жайын баса айтты. Соңғы үш жылда тәркіленген синтетиканың көлемі 10 есеге артқан. Мысалы, Ақмола облысында жыл басынан есірткі жасырудың 35 дерегі тіркелді. Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмағандар да бар. Олар жымысқы әрекетін көбіне әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырады. Тапсырыс берушіні, басшыларын ұстау қиын. Себебі олар негізінен әлемнің өзөге бір түкіпірнде отыруы мүмкін. Мемлекет басшысы есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Виталий Гудыменко, Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а.

Облыста екі келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл былтырмен салыстырғанда 5 есе көп. Ғаламтор арқылы есірткі сату бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді. Сондықтан Мемлекет басшысының есірткі таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс дегені өте орынды. Алдын алу шараларын өткіземіз. Бұл жұмыс одан әрі жетілдіру керек. Кеселмен қоғам болып күресу қажет.


Хабарламаларға жазылу