Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
Оқу жылының 36 аптаға созылуына байланысты үш ауысымды мектептерді қоспағанда 7 мыңнан аса мектеп бес күндік оқу режиміне көшеді. Мұнда 3,4 млн-ға жуық оқушы оқиды деп күтілуде. Былтыр 6 мыңнан аса мектепте 2,4 млн-ға жуық оқушы оқыған.