Соңғы қоңырау салтанатты шарасы енді 1 маусымда өтеді
Енді мектептерде соңғы қоңырау 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде соғылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.
Бірақ бұл оқу күндері көбейіп, каникул қысқарады деген сөз емес. Оқушылар әдеттегідей 170 күн оқып, 195 күн демалады. Оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Өткен жылы тамызда министрлік оқу жылын екі аптаға ұзарту жөнінде шешім қабылдаған болатын.
Еске сала кетсек, кеше Мәжіліс отырысында депутат Аманжол Әлтай соңғы қоңырауды 31 мамырдан 30 мамырға немесе 1 маусымға ауыстыруды ұсынған еді. Себебі 31 мамыр елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды
12.04.2026, 20:13
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала мерт болды
12.04.2026, 20:11
Балабақшаны ваучерлік қаржыландыру тиімді ме?
12.04.2026, 20:00
Интернет алаяқтық: Кең тараған схемалар мен сақтану жолдары қандай?
12.04.2026, 19:57
АҚШ-Иран: Келіссөз келісімсіз аяқталды ма?
12.04.2026, 19:56
Президент Құрылтай сайлауының тамызда өтетінін хабарлады
12.04.2026, 19:54
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары: Қандай шешімдер қабылданды?
12.04.2026, 19:50
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23