Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде бір күн демалады

29.09.2014
Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде бір күн демалады

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 4 қазан, сенбі күніне тура келеді. Бұған қарамастан, демалыс күні келесі жұмыс күніне көшірілмейді.

ҚР «Мерекелер туралы» заңына сәйкес Құрбан айт діни мереке болып саналады, ал демалыс күнімен сәйкес келгенде тек ұлттық және мемлекеттік мерекелер ғана ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар бір күн демалады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінене сілтеме жасап astana.kz сайты хабарлады.

Мереке Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң үш күн бойы тойланады. Мұсылман қауымы қой, сиыр немесе түйені құрбандыққа шалып, жетімдерге, тұрмысы төмен  отбасыларға және қарт адамдарға таратады. 

Мерекенің бірінші күні мешіттерде айт намазы оқылады, адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, дастарханға шақырады.

Хабарламаларға жазылу