![Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/6/29/1593407697285.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл қазақстандықтар шілде айында 10 күн демалады.
6 шілдеде елорда күні тойланады. Биыл бұл мейрам дүйсенбіге түсіп тұр. Сондықтан азаматтар сенбі-жексенбіні қосқанда, қатарынан үш күн демалады.
Мұнан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс саналады. Ал биыл бұл мереке шілде айының 31-іне, жұма күніне тұспа-түс келіп тұр.
Осылайша шілде айында қазақстандықтар 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/128668/)