Жетісайдың базары өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісайдың базары өртенді

26.08.2022

Түркістан облысында Жетісай қаласының орталық базары өртеніп кетті. Түнгі сағат үштер шамасында басталған өрт таң атқанша жанған. Куәгерлердің айуынша, өрттен базардың сексен пайыздай жері жанып кеткен. Негізінен сауда қатарларының тығыз орналасқан жері, маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған. Жалын тек таң атқанда сөндірнілді. Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір саудагерлер базар әкімшілігінің алдына жиналып, келтірілген шығынды өтеп беруді талап етіп жатыр. Полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалап тұр.


Хабарламаларға жазылу