Астанада құрбан шалатын орындар белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада құрбан шалатын орындар белгіленді

25.09.2014
Астанада құрбан шалатын орындар белгіленді

Құрбан айт – барша мұсылман үшін ұлық мереке. Биыл ол 4-қазанға тұспа-тұс келіп тұр. Астанада құрбандық шалу орындары белгіленді.

Ол «Кек» базары, «Пищекомбинат Астаналық» ЖШС, «Шаушен», «Темеш» шаруа қожалықтары мен «Алтын таға» мал базары.

 Биылғы жылдың ерекшелігі, «Раббың үшін құрбандық шал» қайырымдылық акциясына қатысып, бірнеше кісімен бірігіп құрбан шалуға болады., деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордадағы 8 мешіт мереке күндері жамағатты қабылдап, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға таратуға дайын.

 Айт намазы Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8.00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу