Ақтауда базар өртеніп, 30-дан астам сауда орны жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда базар өртеніп, 30-дан астам сауда орны жанып кетті

28.09.2020

Ақтауда азық-түлік базары өртенді. Оқиға кеше таңғы 7:00 шамасында болған. Тілсіз жау 750 шаршы метр аумақты шарпып, 2 қатарда орналасқан 17 сауда орны, 19 контейнер және 60 сөре жанып кетті. Қызыл жалынды сөндіруге 39 техника мен 130-дан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. 

Мұрат Мұханов, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Жалпы өрт шамамен 2 сағатта сөндірілді. Материалдық шығын Масат базары қожайынының айтуынша, бастапқы 5 млн нан басталады деген. Но оны барлық қазір сатарпатамал анықтайтын болады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу