Украина Ресеймен қарулы қақтығыста 9 мыңдай жауынгерін жоғалтқан
Ақпаннан бері Ресей әскерімен қарулы қақтығыста Украина 9 мыңдай жауынгер жоғалтқан. Мұны осы елдің қарулы күштерінің қолбасшысы, генерал Валерий Залужний мәлімдеді. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы дерегінше, Украинада жарты жыл бұрын басталған қарулы қақтығыстардан 5587 бейбіт тұрғын мерт болған. Сонымен қатар мың шақты бала қаза тапты. Дегенмен басқа болжамдарға қарағанда құрбандардың шын саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.
Ресей Украинада өлген жауынгерлері мен офицерлері туралы ресми деректі наурызда жариялап, 1351 адамынан айырылғанын хабарлаған. Алайда Пентагон екі апта бұрын мәлімдегендей, Украинада жан тәсілім еткен және жараланған ресейлік әскерилер саны 70-80 мыңға жетіп қалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12