Мұнай экспорты: Каспий құбыр консорциумының екі құрылғысы жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай экспорты: Каспий құбыр консорциумының екі құрылғысы жұмысын тоқтатты

22.08.2022

Еліміздің мұнайын Еуропаға экспортқа шығаратын Новоросийскідегі Каспий құбыр консорциумының екі құрылғысы жұмысын тағы тоқтатты. Ресми сайтта бұған су астындағы қондырғылардың шытынап кетуі себеп делінген. Үш құрылғының екеуі істен шыққан соң, сәйкесінше қара алтын экспорты үш есе баяу жүріп жатыр. Құбыр жұмысы қашан қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу