Каспий құбыр желісі жақында іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыр желісі жақында іске қосылады

22.04.2022

Каспий құбыр желісі жақында іске қосылады. Бүгін Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуінде Энергетика министрі осылай деді. Болат Ақшолақовтың айтуынша жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін Каспий құбыр желісінің екінші айлағындағы құрылғылар қайта іске қосылуы тиіс. Бұл құбыр жұмысын 100 пайыз қалпына келтіреді деді министр. Айта кетейік, Қазақстан мұнайының 80 пайызын Ресей арқылы Батысқа шығаратын Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын қондырғылары бір ай бұрын істен шығып, жұмысын ішінара тоқтатқан еді. Қаржы министрі осы апаттың кесірінен Қазақстан 100-150 миллиард теңге жоғалтуы мүмкін екенін айтқан. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу