«Газпром» Еуропаға газ таситын құбырды уақытша жапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Газпром» Еуропаға газ таситын құбырды уақытша жапты

11.07.2022

Ресей Еуропаға газ тасымалдауды тарихи минимумға дейін азайтты.

Бүгін «Газпром» компаниясы Германияға Балтық теңізінің түбімен көгілдір отын жеткізетін «Солтүстік ағын» құбырын жапты. Бұл - 10 күнге созылатын профилактикалық шара деп отыр. Дегенмен Еуропа жағдай тіптен қиындауы мүмкін деп қауіптенеді.

Мәселен Германия ыстық су беру мен жарықты үнемдеуге көшті. Өткен аптада Еурокомиссия Ресей тарапынан газ жеткізуде үзілістер болуы, тіпті мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екенін ескертті. Апта соңында Еуроодақ энергетикалық дағдарыспен күрестің төтенше жоспарын ұсынбақ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу