Тобыл қаласында жол белгілерін ұрлаған ер адам ұсталды
Қостанай облысының Тобыл қаласында жол белгілерін ұрлаған ер адам ұсталды. Тапа-тал түсте темір бағанды құлатқалы жатқан күдіктінің әрекетін кездейсоқ көрген куәгерлер полицияға қоңырау шалған. Оқиға орнына алдымен учаскелік инспектор жетіпті. Ол екі бірдей жол белгісін қиратып алып бара жатқан 60 жастағы ер адамды қылмыс үстінде қолға түсірді. Залал мөлшері 40 мың теңге. Күдікті белгілерді метал сынықтарын қабылдайтын орынға тапсырмақ болыпты. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05