Шри-Ланка астанасындағы шеру полициямен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланка астанасындағы шеру полициямен қақтығысқа ұласты

19.08.2022

Тәртіп сақшылары жастарды тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданды.

Демонстранттар ел президентінің отставкаға кетуін және демократияшыл белсенділерді қамаудан босатуды талап еткен. Дегенмен құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірнеше адам қамауға алынды.

Шри-Ланка 1948 жылдан бергі ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Үнді мұхитындағы аралдық мемлекетте қазір жанармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек, электр энергиясы өте тапшы.

Жергілікті билік тұрақтылықты сақтау үшін үш апта бұрын төтенше жағдай жариялады. Соған қарамастан елде манифестациялар тоқтамай отыр.


Хабарламаларға жазылу