Афиныда шеру полициямен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Афиныда шеру полициямен қақтығысқа ұласты

30.11.2017

Грекия астанасы Афиныда жеке мүлікті саудаға салатын аукционға қарсы шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, демонстранттар сот алдына жиналып, банктерге кепілдікке қойылған дүниелерін саудаға салуды тоқтатып, өздеріне қайтаруды талап еткен. Шерушілердің сөзіне қарағанда, үкімет өкілдерімен бірлесіп, аукцион ұйымдастырушылардың кейбір әрекеті заңсыз және олар қарапайым халыққа зиян келтіреді. 

Ашуға ерік бергендерді тоқтату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданды. Бір адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Леонидас Пападопулос, шеруші:

- Мына жағдайды көріп тұрсыздар. Көзді жасаурататын газ шашылып жатқанда, солшыл үкімет пен халық арасында келіссөз жүруі тиіс екен. Біз қазір диктатураның күшін сезіндік. Ал, банктер үкімет мүшелерімен сыбайласып, мүлкімізді талан-таражға салмақшы.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу