Францияда жанармайға салықтың өсуіне қарсы шеру өтіп, 400-ден астам адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда жанармайға салықтың өсуіне қарсы шеру өтіп, 400-ден астам адам жараланды

19.11.2018

Францияның бірнеше қаласында жанармайға салықтың өсуіне қарсы шеру өтіп, полициямен қақтығысқа ұласты. Бір демонстрант әйел қаза тапты. Сонымен қатар, 400-ден астам адам жараланды. Зардап шеккендердің 14-і ауыр халде. Соңғы деректерге қарағанда, 157 адам тұтқынға алынған. «Сары желетке» атты наразылық акцияларына 280 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың көбі жолдарды жауып, бөгеттер орнатқан. Құрбан болған әйелді осындай бөгетті өтпек болған көлік басып кеткен. Жүргізуші байбаламға салынып, жылдамдықты қалай арттырғанын байқамай қалғаны анықталды. Демонстранттар ел президенті Эммануэль Макронды елдегі реформалардың дұрыс жүргізілмеуіне айыптап отыр.

Халықаралық агенттіктердің деректері бойынша, елде 2 мыңға жуық шеру орны болған. Олардың қатарында ел астанасы Париждегі шеру ең ауқымды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу