Түркияда 12 мигранттың денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 12 мигранттың денесі табылды

03.02.2022

Түркияның жағалау қызметі 12 мигранттың денесін тапты. Олар аязда үсіп өлген. Марқұмдардың денесі Грекияға жақын жерден табылды. Түркия Ішкі істер министрі грек жағалау күзетін мигранттарды аяқкиімсіз кері қайтарды деп айыптап отыр. Ал Грекия тарапы мұны «жалған пропаганда» деп, қайтыс болған шетелдіктер шекарадан өтпегенін мәлімдеді. Қаза тапқан мигранттардың қай мемлекеттің азаматтары екені белгісіз.

Айта кетсек, Түркия осы кезге дейін 4 миллиондай сириялық босқынға пана берген. Сонымен бірге мұнда 300 мыңдай ауғандық тұрып жатыр. Анкара бұдан былай мигранттарды қабылдамайтынын ескертті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу