48 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес – Асхат Аймағамбетов
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Басты себеп - күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында аяқталмауы.
Асылбек Данияр, тілші:
Білім күні 48 мектепте алғашқы қоңырау соғылмайды. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектептері саны бойынша көш басында - Батыс Қазақстан облысы. Мұнда 12 білім ошағы дайын емес. Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында осыған ұқсас жағдай. Бұл мектептерде жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін созылуы мүмкін. Осыған орай әкімдіктер оқыту процесін ұйымдастыру үшін уақытша сабақ өткізетін орындарды анықтауы тиіс. Жыр болған үш ауысымды мектептер жайына тоқталсақ. Алматы облысында 56 мектеп үш ауысымды жұмыс істейді. Жалпы, білім ошағының жетіспеуі мәселесі өткір күйінде тұр. Оны шешу үшін мектептерді уақытылы салу жоспары орындалуы керек, дейді министр.Жаңа оқу жылында 900 мыңдай бала тегін бір мезгіл тамақпен қамтылады. Ал бірінші сынып оқушылары биылдан бастап тек ана тілінде білім алады. Орыс тілі 2-сыныпта қосылады. Ағылшын тілін 3-сыныптан бастап меңгере бастайды. Жиында дизель отыны тапшылығы тақырыбы да қозғалды, Премьер тиісті азаматтарға тапсырма берді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық ұлан қызметі AI Сrochet стилінде таныстырылды
11.11.2025, 13:20
Белгілі әдебиет сыншысы Ғалым Доскен өмірден өтті
11.11.2025, 13:19
ШҚО-да соңғы екі айда өрт жиілеген
11.11.2025, 13:17
Павлодардағы ипподром құрылысы қайта жанданды
11.11.2025, 13:15
Вице-министр: Дәрі-дәрмек қымбаттамайды
11.11.2025, 13:12
ҰБТ алдағы үш жылда түбегейлі жаңғырады
11.11.2025, 13:09
Оралда Қазақстан – Ресей форумы басталды
11.11.2025, 13:06
Ресей астанасында Қазақстанның көк туы желбіреді
11.11.2025, 13:03