Министр Асқар Омаров Жамбыл облысында халықпен кездесті
Жамбыл облысында әлі күнге дейін интернетсіз отырған ауылдар бар. Ауыз су мен көгілдір отыннан тарығып отырған тұрғындар да аз емес. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Мойынқұм ауданындағы жұртпен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Мысалы, Ұланбел ауылы ғаламтордың игілігін көре алмай отыр.
Жұмакүл Жұмабаева, Ұланбел ауылының тұрғыны:
Қазір интернет қолжетімсіз. Қағаз жүзінде интернет қойылып кеткен, ал біз интернетсіз отырмыз. Бұл жөнінде мен облыс әкіміне де хаттама жолдадым. Бейнежазба түсіріп, оны жібердік ауыл тұрғындары болып. Бірақ интернетіміз бола ма, болмай ма? Болса қашан болады?
Асқар Омаров азаматтарды жеке де қабылдады. Бұдан кейін Тараз қаласында үкіметтік емес ұйым, жастар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, 33 жылдық тарихы бар облыстық «Jambyl» телерадиоарнасының ғимаратына жұмысымен танысты.
Асқар Омаров, Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Халық біраз мәселелерді қойды. Оның ішінде 3 мәселеге тоқтауға болады. Біріншіден, бұл газбен қамтамасыз ету, екіншісі интернеттің сапасы және үшіншісі ауыз судың сапасы. Яғни, ауыз сумен шалғай ауылдарды қамтамасыз ету. Әрине бұл халық қойған сұрақта жауапты мнистрліктерге жеткіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08