Алматылықтар дизель отынының жоқтығына шағымданып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар дизель отынының жоқтығына шағымданып жатыр

15.08.2022

Алматылықтар да дизель отынының жоқтығына наразы. Қала тұрғындарының айтуынша, жергілікті станцияларда сұйық отын шектеулі мөлшерде сатылып жатыр. Яғни, көліктің көлеміне қарай 20, 50 литрден ғана құюға рұқсат етілген. Сол себепті, жүк көліктерінің жүргізушілері жұмыстары тоқтап қалғанын айтып, шағымданып отыр. Ал Энергетика министрлігі елімізде дизель отыны жеткілікті деңгейде екенін хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, Алматыға баратын дизель отынының 13 мың тоннадан аса қоры бар. Ал облысқа 28 мың тонна жөнелтілмек.

Олжас Құрманқұлов, жүргізуші
Қазір 50 литр құйып, кетіп бара жатырмын. 50 литрмен Таразға да жете алмаймын. Не айтсам да бермей қойды. Осы жерден ғана таптық, солярка жоқ басқа жерде.
Еркебұлан Ермекұлы, жүргізуші:
Қала бойынша кеше іздеп таппадым. Тапсақ жұмыс жасаймыз. Таппасақ жүрмейміз. 50 литр беріп жатқан жерлер жоқ, көбісінде 20 литр береді. Қымбат соляркаларды көрмедім әлі, кездестірсек құямыз енді амал жоқ. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу