Бензин бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензин бағасы арзандады

02.04.2020

Еліміздің барлық аймақтарында жанар-жағармай мен дизель отынының құны арзандады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы «ҚазМұнайГаз» бекеттерінде АИ-92 маркілі бензин 150 теңгеден сатылып жатыр. Ал өзге аймақтарда 150-155 теңге. Десе де өзге жанар-жағармай бекеттері Президент берген пәрменді орындауға асығар емес.

Елордадағы «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин әдеттегідей 159 емес, 150 теңгемен сатылып жатыр. PetroRetail компаниясы Президент пәрменін екі етпей жеке тұлғалар үшін бензиннің бұл түріне бағаны бірден арзандатты. Дизель отынының құны да 183 теңгеге тұрақтады. Алматыдағы бекеттерде баға дәл осындай. Бірақ, аймақтарда баға сәл қымбат. Бұған дайын өнімді сақтау мен тасымалдау фактілері әсер етеді.

Өз үндеуінде Президент шаруаларды қолдауды тапсырған. Ол үшін көктемгі егіс жұмыстарына дизель отынының құнын төмендетуді бұйырды. «PetroRetail» компаниясы мұны ескеріп, дизель отынының құнын 165 теңгеге дейін төмендетуге дайын. Тіпті бүгін астықты аймақтардың әкімдігіне шығындар сметасын да жіберіп қойған.

Ләйлә ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу