Елімізде биыл 12 мыңға жуық интернет-алаяқтығы тіркелді
Биылдың өзінде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтығы тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 7 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Бүгінге дейін 571 интернет-алаяғы ұсталған, 17 ұйымдасқан қылмыстық топтың көзі жойылды. Ведомство осындай айлакерлердің құрығына түспеу үшін алдын алу жұмыстарын қолға алған. Қазақстандықтарға ескерту түріндегі SMS хабарламалар жіберуді бастады.
Шұғыла Тұрлыбек, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі:
Интернет-алаяқтықтың ең көп тіркелуі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында байқалады. Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді. Ішкі істер министрлігі барша азаматтарды сақ болуға шақырады.
Жыл басынан бері 1491 есірткі қылмысы тіркелген. Бас аяғы 4 жарым тоннадай түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ, синтетикалық есірткімен байланысты 890 қылмыс тіркеліп, 23 есірткі зертханасы жойылды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16