Астанада Шәмші Қалдаяқов әндерінің «Менің Қазақстаным» деп аталатын халықаралық фестивалі ашылды.
«Қазақ вальсінің королі», «ән патшасы» Шәмшінің әндерін білмейтін қазақ кемде-кем. Байқауға 24 жас әнші қатысып жатыр.
Олардың орындаушылық қабілеттерін Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Жеңіс Сейдоллаұлы, Алтынай Жорабаева, Азамат Жылтыкөзов бағалайды.
Жәния Қалдаяқова, Шәмші Қалдаяқовтың жары:
Шәмшінің еңбегін, өнерін ұмытпаған біздің жастарға, бүкіл қазақ халқына үлкен рахметімді айтамын.
Бибігүл Төлегенова, КСРО Халық әртісі:
Болашақта конкурсты кішкене күрделірек жасау керек. Тек қана Қалдаяқовтың кішкентай әндерін ғана емес, кең диапазонды, дауысы бар адамдар айтатын шығармалары бар, соларды айту керек.
Зарина БҮЙЕНБАЙ