Елдегі құрылысы кешеуілдеп тұрған мектептер тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі құрылысы кешеуілдеп тұрған мектептер тексерілді

11.08.2022

«Amanat» партиясы проблемалық, нысандардың құрылысын назарға алмақ. Ол үшін елемізде тамыздың соңына дейін 400 ден астам бақылау бекеті ашылды. Ең алдымен құрылыс сапасы мен бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі, жұмысшылар жалақысының уақтылы берілуі тексеріліп, қадағаланбақ. Қазір мұндай бекеттер 114 білім беру мекемесінде ашылған. Әрбір нысанда техникалық паспортқа ұқсас шағым немесе өтініш жіберуге болатын жауапты тұлғаның байланыс нөмерлері бар тақтайша орнатылады. Осы күні Алматының Наурызбай ауданында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылыс барысы тексерілді. Мердігер ұйым құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп сендірді. Ал, Қызылордадағы «Бәйтерек» шағын ауданындағы мектеп жыл соңына дейін салынып бітеді.

Жорабек Нұрымбетов, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты:
Партия тарапынан, әкімдік тарапынан бұны тез арада қазан, қараша айларында бітіру біз қазір жұмыс жасап жатырмыз. Мердігер де өзінің уәдесі бойынша сол уақытта бітіреміз деген уәдесін беруде. Өздеріңізге белгілі, қазір «Бәйтерек» мөлтек ауданында шамамен төрт жарым, бес мың халық тұрып жатыр. Бұлардың балалары бар.

Хабарламаларға жазылу