Алматыда коронавирус жұқтырған 58 бала ем қабылдап жатыр
Алматыда коронавирус жұқтырған 58 бала ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Гүлжайнат Тілеген хабарлады.
Соңғы тәулікте 200 адамнан вирус анықталған. Басым бөлігінде ауру белгілері байқалған. Қазір инфекциялық стационарларда 123 науқас емделіп жатыр. 1700-ге жуық тұрғын амбулаториялық бақылауда. Мегаполис бойынша 1 миллион 200 мыңнан аса тұрғын вакцина қабылдаған. 600 мыңдай адам ревакцинациядан өткен. Басқарма өкілдері шаһарда вакцина жеткілікті дейді. Алдағы екі айда қосымша тағы 50 мың доза екпе жеткізу жоспарланған.
Гүлжайнат Тілеген, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі:
QazVaс, Pfizer және Синофармның Vero Cell вакцинасы жеткілікті. Оның 52658 мың дозаcы бар. Ал келесі екі айдың ішінде Pfizer мен QazVaс-ты тағы да күтіп отырмыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05