Елордада ағзасын ауыстырғандар арасында жарыс өтіп жатыр
Спортқа ешнәрсе де кедергі емес. Елордада ағзасын ауыстырған және бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын жандар арасында жарыс өтіп жатыр. Спорттық шара Қазақстанда жасалған алғашқы трансплантацияның 10 жылдығына орай ұйымдастырылған. 11 аймақтан келген 85 адам жүзу, үстел теннисі, боулинг, волейбол және дартс бойынша өзара сынға түсіп жатыр. Спорт бәсекесі 11 тамызға дейін жалғасады. Жеңімпаздар келесі жылы Австралия елінде өтетін жарысқа қатысады.
Шолпанбек Кемешов, жарысқа қатысушы:
Барлық дене мүшелерін қимылға түседі. Қан айналу, зат алмасу процесі жоғарылайды. Ал үйде жата берсең, ауру меңдей береді, әрі қарай құрдымға кетесің. Ағзасын ауыстырға және диализде жатқан адамдарға айтарым, сіздер өмірде үміт үзбеңіздер. Сіздер де қоғамның сау мүшесі ретінде өмір сүруге мүмкіндік бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02