Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында 3-ші орын алды
Қазақстандық дзюдошылар елордада Азия чемпионатында жалпы командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Соңғы шешуші сәтте Қазақстан құрамасы Өзбекстан спортшыларымен кездесті. Дзюдошылар айқасы өте тартысты болды. Алайда жарақат алып қалған өзбек спортшысы күресуден бас тартып, жеңіс жерлесіміз Камила Берліқаштың еншісіне бұйырды. Жалпы есепте, команда қоржынында бір алтын, екі күміс және 5 қола медаль бар.Ұлттық құрама сапында Данияр Шамшаев алтын, Ислам Бозбаев пен Абиба Абужақынова күміс медаль иегері атанды.Сондай-ақ Нұрлыхан Шархан, Дидар Хамза, Аруна Жангелдина , Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Азия чемпионатына әлемнің 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынады. Олардың 18-і отандық спортшы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12