Киіз бен мүйізден жасалған бұйымдар көрмесі өтті
Павлодарда ерекше көрме ашылды. Оған қойылған бұйымдар тек киіз бен мүйізден жасалған.
Мәселен, кәдімгі бастырылған киізден жасалған өнімдер бір бөлек, жүн-жұрқа, тері-терсектен дайындалған бұйымдар бір бөлек қойылған.
Олардың бәрі қарапайым әдіспен, яғни, қолөнер иесінің шеберлігі арқасында туындаған дүниелер. Әсіресе бірін-бірі қуалай жүзген ұсақ балықтар мен оларды аузын ашып, аңдып тұрған дәу шортан көздің жауын алады.
Ешкі мен ірі қара, түз тағыларының мүйіздерінен жасалған бұйымдар көрмеге келушілерді ерекше таңқалдырды. Оларды аймаққа танымал Бағлан Сүлейменов, Жаңабай Жанпейісов, Баян Қайнышева сынды шеберлер жасаған.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09