Ақтауда «Tartyl Fest» спорт фестивалі өтті
Жарыс- бұқаралық спортты дамытып, жастарды дене шынықтыруға баулу мақсатында ұйымдастырылды. 9 санат бойынша 500-ге жуық адам турникке тартылып, күш сынады Әсіресе Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен қала маңындағы ауыл тұрғындары белсенділік танытты. Нәтижесінде қатысушылардың бірі белтемірде 45 рет тартылып, рекорд орнатты. Бұған дейінгі көрсеткіш-41 болатын. Фестиваль қорытындысында 27 жеңімпаз анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, оларға күзде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама берілді.
Нұрлан Қоянбаев, «Дара» қорының басшысы:
Бұқаралық спортты қолдау үшін, турникке тартылуды бастадық. Қазір енді 11 қала қалды. Алдында біз енді ойлағанбыз турникке адам аз қатысатын шығар деп жоқ әр қалада қатысушылар өте көп. Біздің мақсатымыз жарыс ұйымдастыру емес, мереке жасау және де орта қалыптастыру.
Талғат Сазанбаев, Түпқараған ауданының тұрғыны:
1 ай бұрын естігем тартыл фест болатынын. Соған дайындалатын уақыт аздау болып қалды өкінішке қарай, өз деңгейімнен аз тартылып қалдым. Атмосфера күшті, барлығы керемет болып жатыр. Жеркіншектерге, жасөспірімдерге жақсы мотивация деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12