Алматыда бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін табады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін табады

04.08.2022

Алматыда 15 тамыздан бастап заңсыз сауда орындары жабылады. Өйткені, аймақта антисанитариялық талаптарға сай тазалық сақталмаған. Бұл туралы қала әкімнің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды. Жиында тағы қандай өзекті мәселелер көтерілді. Бұл туралы әріптесім Фариза Мұсақызынан білейік. Фариза, сөз сізде.

Фариза Мұсақызы, тілші:

Алматыда жабайы базарлар жабылады. Олардың жұмысына қатысты Әділет министрлігі қажетті ережелерді 15 тамызға дейін бекітпек. Яғни сол мерзімнен бастап, полиция заңсыз саудамен айналысқандарға айыппұл салып, қала бойынша ұйымдастырылмаған сауда орындарын жаппақ. Мұндай шаралардың атқарылуына Бостандық ауданы тұрғындарының наразылығы себеп. Жиында белгілі болғандай, қала орталығы - «Атакент» аумағын жаңғырту жобасы әзірленіп жатыр. Атакент қалпына келтіріліп, абаттандырылады. Яғни иесіз қалған жерлер коммуналдық меншікке қабылданды. Тағы бір өзекті мәселе «Алма-Арасан» шатқалына апаратын жол жөнделеді.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Бұл жол «Қазавтожолдың» балансында. Биыл жоба дайындап жатыр, келесі жылы құрылысты қаржыландыруға өтінім береді. Мен өзім жақында осы бағытта жүріп, бұл жолдың сапасын көрдім. Олар оны биыл алады деп үміттенемін. Сондай-ақ біз үшін туризм мен халық демалысын дамыту маңызды. Оларға қолдау көрсету үшін осы мәселеге өз үлесімді қосуға тырысамын

Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салуға шектеулер қойылуы мүмкін. Соңғы жылдары ауданда әлеуметтік нысандарға қарағанда тұрғын үй құрылысы белең алған. Енді бұл шаруа біртіндеп реттелмек.


Хабарламаларға жазылу