Алматыда қаржы пирамидасының жолы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қаржы пирамидасының жолы кесілді

03.08.2022

Алматыда «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолы кесілді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді. Ұйым алтын құймалары мен құрамында бағалы металл қоспасы бар косметика сататын интернет дүкеннің атын жамылған. Сөйтіп көптеген азамат оған қаражат салған. Тіпті салымшыларды арнайы сайт арқылы тіркеп, соңынан тағы өзге тұрғындарды тартқан. Алданғандардың жалпы саны 1300-ден астам. Бүгінде қаржы пирамидасынан келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Ал ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сондай-ақ оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді институттарға салмауға шақырамыз. Егер сіз немесе туыстарыңыз «Innova Gold» қызметінен зардап шексеңіз, агенттіктің сенім телефонына немесе аймақтық департаменттерге хабарласуыңызды сұраймыз.
Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу