Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты

23.06.2023

Алаяқтық дерегі бойынша дауға іліккен вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты. Оларға ұйымдасқан қаржылық пирамида құруға қатысы бар деген айып тағылған еді. Әрқайсысына 5 жылға бос бастандығынан айыру жазасы кесілді.

Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Mudarabah Capital компаниясының басшысы Руслан Бұрқанов 12 жылын түрмеде өткізетін болды. Қаржы пирамидасының негізін қалаған Андрей Ча 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын арқалады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Mudarabah Capital компаниясына қаржы салған 100-ден аса адамға 1 млрд теңгедей шығын келген. Бұл іске қатысты бүгін бас-аяғы 10 адамға үкім шықты.  

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу