Қарағанды облысы: Қаржы пирамидасының жолы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысы: Қаржы пирамидасының жолы кесілді

20.06.2022

Қарағандыда қаржы пирамидасының жолы кесілді. Оны ұйымдастырушы тұрғындардан ақша иемдену үшін WhatsApp желісінде топтар құрып, жымысқы әрекетін жүзеге асырған. Әр жаңа қатысушыны тарту барысында салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге ақша алып отырған. Осылайша «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген үш деңгей бойынша азаматтардан 150 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейінгі салымдар жинаған. Ұсталған күдікті іс жүзінде кәсіпкерлікпен айналыспаған. Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бұзған азаматша қаржылық пирамиданы құруына қатысты кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу